Медеу Айдарханұлы Оспанбеков Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды

Медеу Айдарханұлы Оспанбеков Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды

Медеу Айдарханұлы Оспанбеков Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

 
Медеу Оспанбеков 1991 жылы 25 мамырда Жамбыл облысы Қаратау қаласында дүниеге келген.
 
Білімі жоғары:
Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін 2013 жылы «Құқықтану» және 2016 жылы «Информатика» мамандықтары бойынша бітірген.

 

Еңбек жолын 2010 жылы «Жамбыл-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында жөндеуші болып бастаған.

2011 - 2013 жылдары – «Сапсан» мамандандырылған жедел қызметінің инспекторы;

2013 - 2014 жылдары – Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы;

2015 жылы – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлық қоғамының бизнес аналитигі;

2016 - 2019 жылдары – Тараз қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас маманы;

2019 - 2024 жылдары – Тараз қаласы әкімінің бас инспекторы;

2024 жылдан бүгінгі күнге дейін Тараз қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы қызметін атқарған.