VIII шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс отызыншы сессиясы өтті

VIII шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс отызыншы сессиясы өтті

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков сегізінші шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс отызыншы сессиясына қатысты.

Жиының күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №25-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы қала әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жандос Ордабаев баяндама жасады.

– 2025 жылға арналған қалалық бюджетті нақтылау жобасы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 96 бабына сәйкес, жергілікті атқарушы органның бастамашылығы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімдерінің негізінде әзірленді.
Бүгінгі күнге қала бюджетінің шығыс бөлігіне талдау жүргізіліп, нәтижесінде мемлекеттік сатып алу қорытындысымен 898,9 млн. теңгеге үнем қаражаттары қалыптасып отыр.
Бұдан бөлек, қала бюджетіне 1 814,3 млн. теңгеге оңтайландыру жүргізу ұсынылып отыр, – деді Жандос Илиясбекұлы.

 

Келесі кезекте «Тараз қаласы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңестің құрамын бекіту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2022 жылғы 4 ақпандағы №12-5 шешіміне, «Тараз қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2022 жылғы 4 ақпандағы №12-6 шешіміне және «Тараз қаласы әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2022 жылғы 4 ақпандағы №12-4 шешіміне өзгерістер енгізу жайлы мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.