Тұрғындар сауалы жауапсыз қалмайды

Тұрғындар сауалы жауапсыз қалмайды

Бүгін қала әкімі Бақытжан Орынбеков бірқатар азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй, жер кезегі, тал кесу мәселесі бойынша сауалдар қойды.

Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматты жұмыспен қамту, көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жұмысын жүргізу бойынша мәселелер көтерді.

Қала тұрғындарының сұрағын тыңдаған шаһар басшысы зерделеу жұмыстарынан кейін заң аясында шешім қабылданатынын айтып, азаматтардың өтініш-тілектерін жауапты мамандарға тапсырды.