Оқушы саны жыл сайын артып келе жатқан Таразда мектеп инфрақұрылымын кеңейту – басым бағыттың бірі.
№25 орта мектеп бастапқыда 1176 оқушыға лайықталған. Алайда қазір мұнда 2139 бала екі ауысыммен білім алуда.
Осыған байланысты күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынды. Жоба құны – 869,7 млн теңге.
Мердігер – «Тұлпар Строй Сервис» ЖШС.
Құрылыстың басталуы: 18 сәуір 2025 жыл, аяқталуы – 17 ақпан 2026 жыл.
Бұл – тар сыныптардың кеңейіп, оқушыларға лайық заманауи жағдай жасалатын күн алыс емес деген сөз.