№13 мектепте жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр

№13 мектепте жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр

Тараздағы оқу ғимараттарының жаңартылуы жалғасуда. Солардың қатарында – 1170 оқушыға арналған, бүгінде 1489 бала екі ауысыммен оқып жатқан №13 орта мектеп бар.

 Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2025 жылғы 19 маусымда басталды. Жауапты мердігер – «ЕҢБЕК» ЖШС.

 Жобаның аяқталу мерзімі – 19 қазан 2025 жыл. Яғни, 4 ай ішінде мектеп толықтай жаңарып шығады деп жоспарланған.

Жаңарған білім ұясы – оқушылар үшін жайлы орта, ұстаздар үшін тиімді кеңістік болмақ.