Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті.
Алдымен қала әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жандос Ордабаев пен сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дина Раманкулованың қала аумағында іске асырылатын жобалар бойынша баяндамасы тыңдалды.
Келесі кезекте қаржы бөлімінің басшысы Абылайхан Умирбаев 2025 жылдың 30 маусымына Тараз қаласы бюджетінің кіріс бөлігінің болжамды орындалуы туралы баяндады.
Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Ғани Мульдеков қала әкімдігінің мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы тарапынан 251 лот бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізіліп жатқандығын айтты. Сондай-ақ кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жұбаныш Омаров баға реттеу бағытындағы бөлімнің негізгі міндеті сауда дүкендері басшыларымен азық-түлік тауарларының сауда үстемесін 15 пайыздан асырмау және тұрақтандыру жөнінде түсіндірме жүргізумен шектеледі.
Сондай-ақ тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Нұржан Нұралиев Тараз қаласына бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымды немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу Қағидасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес әзірленген Тараз қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған бағдарлама бойынша жүзеге асырылатын 16 үйді жөндеу жоспары жөнінде айтты. Тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ғабит Алтаев бүгінгі таңда 23 нысанда орташа жөндеу (қалған 3 нысанда кезеңімен басталады), 4 нысанда шағал төсеу, 2 нысанда жаяу жүргінші жолдарын жөндеу (қалған 10 нысанда кезеңімен басталады) жұмыстары басталды деді. Өз кезегінде сөз алған білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова биыл 5 мекеменің күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы қарастырылғанын айтып, жұмыс жоспарға сай атқарылып жатқандығын жеткізді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гаухар Олжабаеваның айтуынша, қала бойынша 16781 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Олардың ішінде I топ - 1733 адам, II топ - 5972 адам, III топ - 6231 адам, 18 жасқа дейінгі бала мүгедегі 2845 адамды құрап отыр.
Мүгедектігі бар адамдарға тәуелсіз өмір салтын жүргізу және өмірдің барлық аспектілеріне жан-жақты қатысу мүмкіндігін беру үшін тиісті шаралар қабылданғанын хабарлады.
Ал мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен Камила Абашова (м.а.) Астана күні мен Ұлттық домбыра күніне орай 1-6 шілде аралығында 25 мәдени іс-шараларды өткізу жоспарланғанын мәлімдеді.
Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы Дамир Жаманбаев жалпы 48 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, бүгінгі күнге дейін 4 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға қабылданды. Қалған 43 тұрғын үйді ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Ал 1 тұрғын үйдің (№13-6 «СМК-4»ЖШС) құрылысы жыл соңына дейін аяқталмау қаупі бар екендігін айтты. Өз кезегінде жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұржан Бекежанов тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскесін алуға арнайы кезекте 2005 - 2025 жылдар аралығында 130 471 азамат тіркелгендігін жеткізді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Жанболат Танатаров пен дене шынықтыру және спорт бөлімі Оксана Борисюктің баяндамалары тыңдалды.