Қала әкімі БАҚ өкілдеріне құрмет көрсетті

Қала әкімі БАҚ өкілдеріне құрмет көрсетті

Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

Аймақ дамуына сүбелі үлес қосып жүрген журналистер қауымына артылар жүк пен жауапкершіліктің жоғары екендігін айтып, еңбектеріне табыс тіледі.

Сонымен қатар Тараз қалалық мәслихатының төрағасы Кенжебек Олжабай аймақ журналистеріне еңбек жолында сәттілік пен шабыт тіледі.

Келесі құттықтау сөзді облыстық «Ғұмыр-дария» газетінің бас редакторы, ҚР Журналистер одағының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы белгілі журналист Жаңабай Миллионов алып, ардагер журналист ретінде ақ тілегін арнады.

Жиында сөз алған Тараз қаласының Құрметті азаматы, журналист, жазушы Көсемәлі Сәттібайұлы мерекелік көңіл күймен бастап, қаламгерлерді, журналистерді құттықтады. Көсемәлі Сәттібайұлы өз сөзінде Тараз қаласының өркендеуіне қомақты үлес қосып жүрген журналистердің еңбегін ерекше бағалап өтті. Ардагер журналист тілегіне бірқатар журналистер қосылып, ақжарма тілектерін жеткізді.

Мерекелік көңіл күймен шаһар басшысы бірқатар журналистерге марапат қағазы мен арнайы сый-сияпаттарды табыстады.