Шілде айындағы демалыс күндері

Шілде айындағы демалыс күндері

2025 жылдың шілде айында қазақстандықтар мейрамдар мен демалыс күндерін қосқанда 9 күн демалады.

6 шілдеде мемлекеттік мереке – Астана күні аталып өтеді. Бұл мереке 2025 жылы жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс 7 шілде дүйсенбіге ауыстырылады.
Бес күндік жұмыс аптасында: 5, 6 және 7 шілде – демалыс.
Алты күндік жұмыс аптасында: 5-і жұмыс күні, 6 және 7 шілде – демалыс.

Сонымен қатар, шілде айында кәсіби мерекелер бар. Олар жұмыс күндері болса да, салалық мерекелер арасында аталып өтеді.
Қазақстандағы кәсіби мерекелер (Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің орынбасарының 2023 жылғы 17 қарашадағы №480 бұйрығына сәйкес):

2 шілде – Дипломатиялық қызмет күні
6 шілде – Домбыра күні (шілденің бірінші жексенбісі), Көлік қызметкерлері күні (теңіз және өзен көлігі саласы)
9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлері күні
10 шілде – Ветеринария мамандары күні
13 шілде – ҰҚК қызметкерлері күні, Балық шаруашылығы қызметкерлері күні (шілденің екінші жексенбісі)
14 шілде – Нотариат күні
20 шілде – Металлург күні (шілденің үшінші жексенбісі)
27 шілде – Сауда қызметкерлері күні (шілденің төртінші жексенбісі)