Қала әкімі тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады

Қала әкімі тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады

Бүгін қала әкімі Бақытжан Орынбеков бірқатар азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Қабылдауға келген азаматтар көшенің суқұбырын ауыстыру, жол, балалар ойын алаңын салу, көше атауын ауыстыру және талдардың рұқсатсыз кесілуі, тұрғын үй кезегі бойынша сауалдар қойды.

Сонымен қатар жеке кәсіпкерлікті қолдау, заңсыз кәсіпке тосқауыл болу және қоғамдық көлік қатынасын жүйелу жұмыстары бойынша мәселелер көтерді.

Қала тұрғындарының сұрағын мұқият тыңдаған шаһар басшысы зерделеу жұмыстарынан кейін заң аясында шешім қабылданатынын айтып, азаматтардың өтініш-тілектерін жауапты мамандарға тапсырды.