Тараз — шетелдік инвесторлар назарында!

Тараз — шетелдік инвесторлар назарында!

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков шетелдік инвесторлармен кездесу өткізіп, өңірдің инвестициялық әлеуетін таныстырды.

Жиын барысында қаланың экономикалық мүмкіндіктері мен құрылыс саласындағы бірлескен жобалар сөз болды.

Тараптар жергілікті инфрақұрылым, бизнес жүргізуге қолайлы жағдайлар және шетелдік капиталды тарту тетіктері жөнінде пікір алмасты.

Қонақтар шаһардағы көпір құрылысы мен жаңа мектеп салу жобаларына ерекше қызығушылық танытып, алдағы уақытта нақты ұсыныстармен келіссөздер жүргізуге дайын екендерін жеткізді.

Сонымен қатар, қала әкімі қоқысты қайта өңдеу және экологиялық жобаларға да қолдау бар екенін атап өтті.

Бақытжан Орынбеков инвестиция тарту — Таразды дамытудағы негізгі басымдықтардың бірі екенін айтып, қала ашық әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа дайын екенін мәлімдеді.