Таразда «Ұлан» стадионында 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, облыс көлемінде қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілер арасында ұйымдастырылған дәстүрлі облыстық спартакиада өз мәресіне жетті.
Бұл жарыс жыл сайын мемлекеттік қызметкерлердің арасында дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылықты арттыруға бағытталған.
Спартакиадада мемлекеттік қызметшілер ләңгі, армрестлинг, жүзу, арқан тарту, секірмек, гір тасын көтеру, жеңіл атлетика (60 м, 100 м, 4*100 м) және қазақ күресінен сынды спорт түрлерінен өзара кіл мықтыны анықтады.
Іс-шараға облыстың барлық аудан-қалаларынан және басқармалардан, департаменттерден құралған мемлекеттік қызметшілер командалары қатысты. Әр команда өз мекемесінің намысын қорғап, әділ әрі тартысты бәсекеде бақ сынады.
Жалпы командалық есепте:I орын – Тараз қаласы құрамасы;II орын – Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы құрамасы;III орын – Жуалы ауданы құрамасы;III орын – Шу ауданы құрамасы.