Тараз қаласы аумағында 2025-2026 жылдары 11 кіші футбол алаңшасы салынады

Тараз қаласы аумағында 2025-2026 жылдары 11 кіші футбол алаңшасы салынады



«Әулиеата» ауданында 5 алаңша, ал «Жібек жолы» ауданында 6 кіші футбол алаңшасын салу жоспарланған.

Атап айтқанда, «Әулиеата» ауданы бойынша Рахимов көшесі, №47, «Аса» шағын ауданы, №43 үйдің ауласы, Қ.Сәтбаев көшесі, №16 үйдің ауласы, «Жансая» шағын ауданы, №43 үйдің ауласы, «Салтанат» шағын ауданы, №1, 3 үйлердің ауласына орнатылады.

Сонымен қатар, «Жібек жолы» ауданы Құмшағал алқабы, Ордабасы көшесінің бойы (ДШСК маңында), Шөлдала алқабы, «Юбилейное» КК мекенжайы, «Жиделі» алқабы, «Береке» алқабы, Ы.Молдарбеков көшесінің бойы, «Талас» алқабына орналастыру жоспарда.