Таразда жер сілкінісінің алдын алу және салдарын жою мақсатында шұғыл әрекет ету жасағының жеке құрамы және техникалық жарақталуы тексерілді

Таразда жер сілкінісінің алдын алу және салдарын жою мақсатында шұғыл әрекет ету жасағының жеке құрамы және техникалық жарақталуы тексерілді

Бүгін Тараз қаласы әкімінің орынбасары Гүлдана Жауынбекова және Тараз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Ербол Амиров жер сілкінісінің алдын алу және салдарын жою мақсатында шұғыл әрекет ету жасағының жеке құрамын және техникалық жарақталуын тексерді.

Тексеру барысында арнайы техникалардың жұмысқа жарамдылығы, жеке құрамның кәсіби дайындығы мен іс-қимыл дағдылары пысықталды. Жасақтың жер сілкінісі жағдайында жедел әрекет ету мүмкіндіктері мен ведомствоаралық үйлесімділігіне ерекше назар аударылды.
Іс-шара аясында төтенше жағдай туындаған сәттегі шұғыл әрекет ету алгоритмдері талқыланып, өзара іс-қимыл мен ақпарат алмасудың тиімді жолдары қарастырылды. Бұл шара қала аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын азайту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар аясында ұйымдастырылды.

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірлескен іс-шараларды одан әрі жалғасатын болады.