«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАНУДА

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАНУДА

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары! «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтінім қабылдау басталды.

«Мерейлі отбасы – 2025» Ұлттық конкурсының қалалық кезеңіне 15 маусымға дейін өтінім қабылдау жүріп жатыр.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
5) балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу);
7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
8)қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) (бар болса) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері;

Толық ақпаратты Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінен алуға болады. Мекенжай: Тараз қаласы, Төле би даңғылы, №48 үй, 4 кабинет.

Анықтама телефондары: 45-38-91.