Қоғамдық көлік мәселесі өзектілігін жойған емес. Өйткені осы бағыттағы қызмет сапасы жақсарған сайын тұрғындардың қарым-қатынасы жеңілдей түсіп, әлеуметтік жағдайына әсер етеді.
Таразда бүгінде қалалық жолаушылар тасымалын ұйымдастыруда 8 тасымалдаушы мекеме 43 бағыт бойынша қызмет көрсетіп, қала тұрғындарына күнделікті тасымалдау қызметін ұсынады.