
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Таразда «Менің Туым» атты акция аясында көпқабатты тұрғын үйдің қасбетіне қатарынан Ту ілінді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарына елдіктің ең басты нышандарын дәріптеу және отаншылдық бағыттағы тәрбие жұмысына үлес қосу.
Мемлекеттік Ту қаланың орталық көшелеріндегі үйлердің ажарын ашып, қала тұрғындарына ерекше патриоттық сезім сыйлады.