Балалардың жазғы демалысын және сауықтырылуы мен бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру жұмыстарының еңбек және экологиялық тәрбие тақырыбы негізінде жоғары сынып оқушылары еңбек жасақтары мен көгалдандыру бригадаларына атсалысады.
Қала мектептерінің жоғары сынып оқушыларын еңбекке, жауапкершілікке баулу мақсатында 7024 бала еңбек жасақтарына қамтылады. Мұндағы мақсат – жасөспірімдерді еңбекке баулу, жауапкершілікке үйрету және ұжыммен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сонымен қатар, дәл осындай еңбекке баулу мақсатында оқушылардан құралған көгалдандыру бригадалары жасақталады. Экологиялық мәдениетке баулу мақсатында 9853 бала көгалдандыру бригадаларына қатысады. Көгалдандыру бригадаларын құрудағы мақсат – экологиялық тәрбие, табиғатты қорғау, қоршаған ортаны көркейтуге жастарды баулу.
Айта кетейік, оқушылар тек мектеп ауласындағы жұмыстарды атқарады.