«Бақытты балалық шақ» фестивалі өтті

«Бақытты балалық шақ» фестивалі өтті

Т.Рысқұлов саябағында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бақытты балалық шақ» атты фестиваль өтті.

Мерекелік шараға арнайы қатысқан Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков дарынды балалардың қолөнер, сурет туындылары қойылған көрмені тамашалап, «Балалық шақтың сиқырлы картасы» атты концерттік бағдарламаның куәсі болды.
Шара барысында ұлттық, үстел үсті ойындарынан, мақал-мәтел айтып, жұмбақ шешуден жарыстар ұйымдастырылып, балғындар сүйікті кейіпкерлерімен бірге ертегі әлеміне саяхат жасады.

Фестивальге шаһар бойынша жалпы 750 бала қатысты.