
Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Тараз қаласының әкімдігі «Тараз қаласы Сыпатай батыр көшесі, Төле би даңғылы, Қ.Тұрысов көшелерінде М-1 жылу желісін қайта жаңғырту» жұмыс жобасына сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін Қ.Тұрысов көшесінің Төле би даңғылы мен «Аю» балабақшасы (Қ.Тұрысов көшесі, №1) аралығындағы бөлігінде 2025 жылдың 30 мамыры сағат 08:00-ден бастап жаяу жүргіншілер жолы жабылады.
Аталған жолдың жабылуына байланысты, қала тұрғындары мен қонақтарынан жүру бағытын алдын ала айқындап алуды және уақытша туындайтын қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.