«Батаменен ел көгерер»

«Батаменен ел көгерер»

Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу шаралары негізінде Тараз қаласының ардагерлері арасында «Батаменен ел көгерер» атты байқау өтті. Шара барысында Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова, қалалық мәслихаттың төрағасы Кенжебек Олжабай мен Жамбыл облысы билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов ізгі тілектерін білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқауға қаладағы 6 округтен келген 6 қария қатысып, 3 кезең бойынша сынға түсті.

Қариялардың батасына баға берген қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған батагөй ардагерлерге арнайы диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды.