Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (31-бап, 2-тармақ және 69-бап) сәйкес, жазғы уақытты тиімді пайдалану үшін 14 жасқа толған мектеп оқушылары ата-анасының немесе заңды өкілінің жазбаша рұқсаты негізінде денсаулығына қауіпсіз жеңіл жұмысқа қабылдана алады.
Осыған байланысты жазғы маусымда қоғамдық жұмысқа ниет білдірген 14 жастан 18 жасқа аралығындағы жасөспірімдер Мансап орталығы (Желтоқсан көшесі, №78) немесе «Электрондық үкімет» www.egov.kz веб порталы арқылы өтініш бере алады.