Жаздың алғашқы айында мұсылмандардың маңызды мерекелерінің бірі – Құрбан айт аталып өтеді. Биыл Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға, жұма күніне сәйкес келеді. Осыған байланысты үш күн қатарынан демалыс.
Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін:
• 6 маусым (жұма) – Құрбан айт күні демалыс
• 7 маусым (сенбі) – демалыс
• 8 маусым (жексенбі) – демалыс
Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін:
• 6 маусым – демалыс
• 7 маусым – жұмыс күні
• 8 маусым – демалыс
Сонымен қатар, маусым айындағы жалпы демалыс күндері: 1 маусым, 6, 7, 8 маусым, 14, 15 маусым, 21,22 маусым, 28,29 маусым.
Осылайша, 2025 жылдың маусым айында ел азаматтары барлығы 10 күн демалады.