Таразда жалпықалалық сенбілік өтті.
Қала әкімдігінің барлық бөлім қызметкерлері сенбілік аясында «Қарасу» каналын қоқыстан арылтып, санитарлық шараларды атқарды.
Сонымен қатар, канал аумағын ғана емес, бірқатар маңызды нысан айналасын да күл-қоқыстан тазартып, қала тазалығы үшін өз үлестерін қосты.
5 сәуір күні облыс орталығы – Таразда жалпықалалық сенбілік өтеді.
Тазалық – денсаулық кепілі. Сондықтан баршаңызды тазалық жұмыстарына белсене атсалысуға шақырамыз!
Қала тазалығы – баршаға ортақ.
Астана қаласындағы Spectrum халықаралық мектебі базасында өткен «INFORMATIX ASIA» халықаралық компьютерлік жобалар сайысында Тараз қаласындағы №41 гимназияның оқушылары Шыңғыс Сұлтанқұл, Аян Телебаев, Азамат Жұранбаев топ жарды.
Атап айтсақ олар жүлделі 1орынды иеленіп, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің (АЭжБУ) оқу грантын жеңіп алды.
Оқушыларды сайысқа дайындаған жетекші – Мурат Абдуллаевич Беридзе.
«Казфосфат» спорт кешенінде Жұмысшы мамандықтарының жылына орай «Еңбек жолы» атты қалалық спартакиада басталды.
Дүбірлі доданың ашылу салтанатына Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова қатысып, жылы лебізін жеткізді.
– Жұмысшы мамандықтары қоғамның әр саласында маңызды рөл атқарады. Олар өздерінің білімдері мен дағдыларын күнделікті еңбекке арнап, еліміздің дамуына үлкен үлес қосып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында бұл туралы баса атап өтіп, нақты тапсырмалар жүктеген болатын.
Бүгінгі спартакиада осы мамандық иелерінің денсаулығын нығайту, өзара ынтымақтастықты арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
«Еңбек жолы» спартакиадасы – еліміздегі жұмысшы мамандардың кәсіби дағдыларын, күш-жігерін, командалық рухын көрсететін маңызды іс-шаралардың бірі. Мұнда қатысушылар тек спорттық бәсекеде күш сынасып қоймай, бір-бірімен дос бола отырып, жұмысшы мамандардың абыройын арттырады, – деген Ұлана Сламбекқызы жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Спартакиада барысында 10 команда кіші футбол, стритбол, арқан тарту, гір тасын көтеру, қол күресі, дартс секілді спорт түрлерінен бақ сынап, өзара мықтыны анықтайды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы диплом, медаль мен бағалы сыйлықтар табысталады.
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен халықты мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамту бойынша қалалық штаб отырысы өтті.
Ең әуелі шаһар басшысы аталған жиынның маңыздылығына айрықша тоқталды.
– Өздеріңіз білетіндей, халықтың әлеуетін арттыруда әлеуметтік саланың салмағы, оның ішінде «Отбасының цифрлық картасы» аса өзекті болып отыр. Қала халқының кедейшілік шегінен төмен «Д және Е» санаттарындағы отбасылардың санын азайту мақсатында қалалық штаб, жұмысшы топтар құрылып, ережесі мен жұмыс алгоритмі бекітілген болатын. Дегенмен, әлі де өзектендіру бағытында бірқатар мәселе орын алуда, - деген Бақытжан Әмірбекұлы осы бойынша белгіленген межелі міндеттердің орындалу барысына ден қойды.
Бұдан кейін Тараз қаласы білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова білім саласындағы «Д», «Е» санаттарындағы отбасыларға қатысты атқарылған жұмыстарды тілге тиек етті. Оның айтуы бойынша, мектеп жасындағы «Д» санатындағы отбасынан шыққан 1 456, «Е» санатындағы 269 бала бойынша тізімде көрсетілген мекенжайлары арқылы мектептің әлеуметтік педагогтері бөлінген аумақтарды аралап, анықтау жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде, шетелге көшіп кеткен 80 баланың тізімі миграция бөліміне, көрсетілген мекенжайда тұрмайтын 1135 баланың тізімі жергілікті полиция басқармасына, тұрғылықты мекенжайы белгісіз 2 981 баланың деректері АХАТ бөліміне жолданған.
Келесі кезекте Тараз қалалық Жастар ресурстық орталығының директоры Абзал Есіркепов «NEET» санатындағы жастардың жағдайы, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Жамбыл облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Даурен Бұрханов тұрғындардың міндетті медициналық сақтандырумен қамтылуы, Тараз қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Азамат Бөгенбаев қорда аударымдары жоқ жеке кәсіпкерлер, шаруа және фермелік қожалықтардың әлеуметтік төлемдері, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Айгүл Сыдықова тараздықтарды профилактикалық егулермен қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Жиынды қорытындылаған қала әкімі күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Тараз қаласы ТЖБ қызметкерлері Тараз қаласы әкімі аппаратымен бірге ҚР ІІМ 2020 жылғы 2 шілдедегі «Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, ілімді насихаттау, оқыту қағидаларын бекіту туралы» №494 бұйрығы негізінде және Тараз қаласы әкімі орынбасарының тапсырмасына сәйкес қала аумағындағы барлық орта білім беру мекемелерінде төтенше жағдай орын алған кезде эвакуация бойынша іс-қимылдарына бағалау жұмыстары жүргізіліп басталды.
Аталған оқу-жаттығу кезінде оқушылар мен оқытушы құрамның уақытылы эвакуация жолдарымен қауіпсіз алаңға шығуына, электр құрылғыларының толық сөнуіне және медициналық көмек көрсетілуіне аса көңіл бөлінуде.
Сонымен қатар қосалқы есіктердің ашық болуына және дабыл сигналдарының ақаусыз жұмыс жасауына назар аударылуда. Әрбір мекемеден анықталған кемшіліктер бойынша анықтама толтырылып, алдағы уақытта кемшіліктерді жою мақсатында тиісті кеңестер берілуде.
Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков бірқатар азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қала әкімінің қабылдауына келген тұрғындар жер кезегі, тұрғын үймен қамтамасыз ету, тал кесу жөнінде мәселелер көтерді.
Сонымен қатар тұрғындар қоғамдық көліктерге шағым, ағын су, қаланың санитарлық тазалығы және жол жөндеу жұмыстарына қатысты сауалдар қойды.
Қала әкімі қабылдауға келген тұрғындардың сауалын мұқият тыңдап, зерделеу жұмыстарынан кейін заң аясында шешімін табатындығын айтты. Сонымен қатар, азаматтардың өтініш-тілектерін жауапты мамандарға тапсырды.
Таразда 2025 жыл – жұмысшы мамандықтар жылына арналған «Еңбек жолы» атты қалалық спартакиада өтеді. Спартакиада мақсаты –Тараз қаласы жұмысшы мамандарының арасында «2025 жыл – жұмысшы мамандықтарының жылын» атап өту, жұмысшы мамандарын дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуына тарту және т.б.
Спартакиаданың өтетін орны Тараз қаласы, «КАЗФОСФАТ» спорт кешені, (Төле би даңғылы, 387).
Спартакиада 4 сәуір күні, сағат 10:00-де өтеді.
ІІІ. Жарысқа қатысушылар мен қатысушы ұжымдар
1.1 Жарыс ережеге сай өткізіледі. Жарысқа завод немесе кәсіпорындарда жұмыс істейтін жұмысшы мамандық иелері қатыса алады.
1.2 Жарысқа қатысушы спортшылардың жеке бас куәлігі және соңғы 6 ай (Бірыңғай зейнетақы қорынан) жұмысшыны спартакиадаға жіберілген мекемеден есеп шотына аударымдарының анықтамасы болуы керек .
Анықтамасы жоқ жағдайда аталған спортшы спартакиадаға жіберілмейді
1.3 Жарысқа қатысушы спортшылардың дәрігердің спартакиадаға қатысуға болатын рұқсаты болуы керек.
1.4 Жарысқа қатысушы спортшылардың денсаулығына және өмір қауіпсіздігіне команда жетекшісі жауап береді.
1.5 Бір спортшыны екі командаға немесе бірнеше спорт түрінен қатысуына тыйым салынады. Командалардың тапсырыс парақтарында әр спорт түріне спартакиада бағдарламасында көрсетілген адам санынан артық спортшылар жарысқа жіберілмейді.
Ескертпе: Спартакиадаға жас ерекшеліктері шектеусіз жұмысшы мамандар қатысады.
IV. Өткізілу тәртібі
1.1 Жарыста спартакиада бағдарламасына енгізілген әр спорт түрі тәртібіне сай өткізіледі.
1.2 Жалпы командалық орын әр спорт түрінен берілген ұпай санына қарай шығарылады. Ең аз ұпай жинаған команда жалпы есепте жеңімпаз аталады.
1.3 Спорт түрлері бойынша командалық орын анықталады.
1.4 Жалпы командалық орындар 6 спорт түрінен қатысу нәтижелерінен жиналған ұпайлары ең аз сомасы бойынша анықталады. Спорт түріне спортшылары қатыспаған жағдайда аталған спорт түрінен командаға «0» ұпай саны беріледі.
Спартакиадаға қатысу үшін тапсырысты tarazsport@bk.ru электронды поштасына 25 наурызға дейін жолдау қажет.
Байланыс телефондары: 548252, 548242
VI. Спартакиаданың спорт түрлері
«КІШІ ФУТБОЛ» - Команда құрамы – 10 адам. Алаңда (5+1) ойнаушылар саны. Бір ойыншының екі командаға ойнауына қатаң тиым салынады. Команда біркелкі спорттық киімде болуы тиіс. Жарысты өткізу тәртібі төрешілер алқасында шешіледі.
«СТРИТБОЛ» (3х3 баскетбол ) - Команда құрамы – 4 адам. Бір ойыншының екі командаға ойнауына қатаң тиым салынады. Команда біркелкі спорттық киімде болуы тиіс. Жарысты өткізу тәртібі төрешілер алқасында шешіледі.
«АРҚАН ТАРТУ» - Команда құрамы – 12 адам. Алаңда арқан тартысуға 8 адам қатысып, 4 адам қосалқы құрамда қалады. Бір ойыншының екі командаға ойнауына қатаң тиым салынады. Команда біркелкі спорттық киімде болуы тиіс. Жарысты өткізу тәртібі төрешілер алқасында шешіледі.
«ГІР ТАСЫН КӨТЕРУ» (24 кг) - команда құрамы 1 адам. Қатысушы гір тасын екі (оң немесе сол) қолмен көтереді. Максималды көп көтерген спортшы жеңімпаз атанады.
«ҚОЛ КҮРЕСІ» (абсолюттік салмақ) - команда құрамы 2 адам қатысушылар оң қолдарымен сайысқа түседі. Жарыс халықаралық ережелерге сәйкес өткізіледі. Жарыс 80 кг-ға дейін және 80 кг-наң жоғары екі салмақ дәрежесінде жарыс өттеді.
«ДАРТС» - Команда құрамы 1 әйел адам. Қатысушы жеке сайысқа түседі.
5 мүмкіндікте максималды ұпай санын жинаған спортшы жеңімпаз атанады.
Аймақ тұрғындарын газбен қамту – инфрақұрылым саласының басым бір бөлігі. Мемлекет бүгінде газдандыру жұмысы жүргізілмеген шалғай елді мекендердің өзіне көгілдір отын жеткізіп, халықтың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауды мықтап қолға алды.
Жалпы, көгілдір отынның тұрғындардың тұрмысына тигізер пайдасы мол. Мемлекеттік бағдарламалар негізінде халықты мүмкіндігінше газбен қамту кезек күттірмейтін маңызды мәселе. Бұл жұмыс аймақта да қазіргі таңда жүйелі жүргізіліп келеді.
Атап айтқанда, Тараз қаласы, «Көктем» тұрғын алқабын газбен қамту (3-кезек) жобасы аясында тиянақты тірліктер атқарылып жатыр. Алқаптағы тұрғын үйлерге газ жеткізу мәселесі бойынша бірқатар жұмыстар пысықталды. Күні кеше қала әкімдігінің құрылыс бөлімінің мамандары, мердігер мекеме мен «QAZAQGAZ AIMAQ» қызметкерлері, техникалық қадағалаушы маман – барлығы бірлесіп, алқапты газдандыру жұмысын зерделеді.
Сонымен қатар, тұрғындардың қауіпсіздігі – басты назарда екендігі айтылып, жобаның жоспарға сай атқарылуы қадағаланды.
5 сәуір күні облыс орталығы – Таразда жалпықалалық сенбілік өтеді.
Тазалық – денсаулық кепілі. Сондықтан баршаңызды тазалық жұмыстарына белсене атсалысуға шақырамыз!
Қала тазалығы – баршаға ортақ.