
Өтініш беру үшін бірнеше қарапайым қадамдарды орындау қажет: «eGov.kz» порталына кіресіз. «Әскери есеп және қауіпсіздік» бөлімінде «әскери қызмет» парақшасынан «шақырудан кейінге қалдыруды ұсыну» қызметін таңдайсыз, «онлайн қызметке тапсырыс беру» түймесін басасыз, өзіңіз туралы деректерді толтырасыз, кейінге қалдыру немесе босату себебін көрсетесіз, құжаттардың электрондық көшірмелерін жүктеп, ЭЦҚ көмегімен қызметке қол қоясыз. Толық сілтемесі: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021613.
Құжаттарды портал арқылы берген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған өтінішке негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері бекітіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдау, тіркеу және орындау үшін комиссия төрағасына беруді жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызмет 6 (алты) жұмыс күні ішінде көрсетілетін болады.
Берілген өтініштің мәртебесін жеке кабинетте «Менің өтініштерім» бөлімінде бақылауға болады. Рұқсат алу туралы «Менің рұқсат беру құжаттарым» бөлімінен, хабарлама алу туралы «Менің хабарламаларым» бөлімінен біле аласыз, яғни әскерге шақырылушыларға әскери комиссариатқа барудың қажеті жоқ, олар бұл қызметтерді онлайн ала алады.