Қарапайым нұсқаулықты орындап, egov.kz порталы арқылы емханаға тіркелуге өтінім беруге болады. Ол үшін:
- egov.kz порталында авторизациядан өтіңіз;
- Басты бетте: Азаматтарға > Денсаулық сақтау > Медициналық көмек бөлімін таңдаңыз;
- «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» қызметін таңдап, онлайн өтінім беріңіз;
- Өзіңіз тұрып жатқан аймақ, тіркелгіңіз келетін медициналық ұйым, тіркелу себебі мен медициналық қызметкерді таңдаңыз;
- Өтінім нәтижесі 1 күн ішінде жеке кабинетіңізге жіберіледі.
Емхананы еркін таңдау мүмкіндігі барлық қазақстандықтарға консультациялық-диагностикалық қызметтерге жолдаманы, кез келген жоспарлы медициналық көмекті және т.б. медициналық көмек түрлерін алуға құқық береді.