2023 жылдың 6-қыркүйек күні Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жасөспірімдер және жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу іс-шараларын өткізу» тақырыбы аясында Қаратау технология білім және бизнес колледжінде «Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу шаралары» тақырыбында семинар-тренинг кездесу өткізілді. Іс-шараға “Талас ғұмыры” жастар қоғамдық бірлестігінің кеңесшісі Көлбаева Жазира Әбдірәсілқызы, аудан әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының хатшысы Калыкулова Гулмира Турмаханбетовна, Талас АПБ ЮПТ инспекторы, полиция капитаны Көпжасаров Жанғали Жансерикович, Талас АПБ ЮПТ инспекторы, полиция лейтенанты Баққали Ғабиден Сәкенұлы қатысты. Іс-шараға жалпы 26 жас қамтылды. Іс-шара барысында Жазира Әбдірәсілқызы жастардың арасында қылмыстын алдын алу түрлері бойынша, ауданда алып жатқан қылмыс түрлері туралы айтып өтті. Гулмира Турмаханбетовна қазіргі таңда болып жатқан ерте жүктілік туралы, оның зардаптары туралы айтып өтті. Ювеналды полиция тобының инспекторлары жастарға қылмыстың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп берді және құмар ойынның зардабы туралы айтып өтті. Іс-шара барысында жастарға бүктемелер таратылып, пікірлері алынды. Жиын соңында жастардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.