ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ МҰҚАШ ЕСКЕНДІРОВ ТАЛАС АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ МҰҚАШ ЕСКЕНДІРОВ ТАЛАС АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

 

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұқаш Ескендіров Талас ауданына жасаған жұмыс сапарында бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандармен танысты, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаулар өткізді.
Мәжіліс депутаты алдымен «Қазфосфат» ЖШС «Шолақтау» тау кен өндіру кәсіпорнында болып, қызметкерлермен жүздесті.

Қазіргі таңда кәсіпорын толыққанды жұмыс жасауда. Мұқаш Зұлқарнайұлы өз кезегінде парламентте атқарылып жатқан жұмыстар мен заңдағы өзгерістер, жаңашылдықтар жайында баяндады.

Бұдан кейін Қаратау қаласындағы “Amanat” партиясының филиалы ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Көтерілген барлық сұрақтар тікелей назарында болатынын жеткізді.

Мұқаш Зұлқарнайұлы Қаратау қаласында жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарын бағамдады. Қазіргі уақытта 4 көшеге асфалть жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұқаш Ескендіров жұмыс сапары барысында құрылыс жұмыстары басталған «Karatau Chemicals» пиросульфит өңдеу зауытын көрді. Кәсіпорынның құрылысы аяқталса 25,0 мың тонна пиросулфитнатрий өндіруге қуатты.

Сондай-ақ, Ақкөл, Қызыләуіт және Ақтөбе елді мекендеріне ішкі кварталдық газ тарту желісінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Аталған 3 ауылға газ тарту жұмыстары жүргізілуде.