«АСАРЛАТЫП ҮЙ САЛУ» МЕН «ЖОМАРТ ТҮЛЕК» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

«АСАРЛАТЫП ҮЙ САЛУ» МЕН «ЖОМАРТ ТҮЛЕК» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Ежелден елдік мұратты, ұлттық құндылықты ерекше дәріптеген халқымызда ғасырлар бойы кісіліктің көркем үлгілері қалыптасқан. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, қолда барын бір-бірімен бөлісіп, біріне-бірі қамқор, тілеулес болған ұлттың ұлылығы да осында. Қазақ топырағында қалыптасқан «Асар» игі дәстүрі соның бір айғағы. Бүгінде ұлттың болмысындағы осы бір ерекше қасиет облысымызда жаңғырып, аудандардада жалғасын тауып, туған-туыстар мен ауылдастар бір-біріне көмек қолын созуда.

Ақкөл ауылының орта мектебін 2013 жылы бітірген түлектері «Асарлатып үй салу» жобасына өз үлестерін қосып, аулы тұрғыны Сейсенбек Үшбаевтың үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Түлектердің демеушілігімен үйдің іші толықтай жөндеуден өтіп, сырты толығымен жаңартылып, қосымша екі бөлме жалғанып, шатыр жабыны ауыстырылды.

«Жомарт түлек» жобасы аясында игі шараны Ақкөл ауылынының орта мектебін 2003 және 1993 жылы тәмамдаған түлектері жалғастырды. Көп балалы отбасы Болат Құрманқұлов пен Өтегенов Мұхтарға іші сырты толығымен жөндеуден өткен бес бөлмелі қос үйдің үйдің кілттері табыс етілді.
Сондай-ақ, аталған ауылдың мектебін 1993 жылы аяқтаған түлектері мектеп ауласына мұғалімдер мен оқушылардың бос уақыттарында тынығуларына арналған екі дана самалжай (беседка) орнатты.

Алтын ұя білім ошағын 2002 жылы бітірген түлектерде игілікті шарадан тыс қалмады. Ауыл балаларының ойын алаңына әткеншек орнатып, айналасын аббаттандырып, алаңшаны суғару жүйесін іске қосты.

Аудан басшысының орынбасары Айтолқын Әбдібекова, аудандық мәслихаттың депутаты Ғалым Қартабаев қоныс той иелерін арнайы құттықтап, ізгі тілегін арнады. Үйлердің құрылысына атсалысқан барша азаматтарға, жомарт түлектерге аудан әкімінің ризашылығын жеткізіп, «Алғыс хат» табыстады.