Семинар-кеңес

Семинар-кеңес

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі  Облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына тіркелген кандидаттармен, округтік және учаскелік сайлау комиссиясының төрағаларымен семинар-кеңес

 

2023 жылдың 20 ақпаны күні, сағ.15:00-де Қаратау қаласы, Балалар өнер мектебінде облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына тіркелген кандидаттармен, округтік және учаскелік сайлау комиссиясының төрағаларымен алдағы үгіт насихат кезеңінің негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында арнайы семинар-кеңес өткізілді.

Семинарға аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімшесі басшысының міндетін атқарушы А.Сыздықова, «Талас тынысы» газетінің бас редакторының орынбасары Н.Қашаған, аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің бас маманы Л.Алиева шақырылып, қатыстырылды.   

 

         Кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде аудан әкімдігінің 2014 жылғы 25 тамыздағы №304, №305, қаулыларымен белгіленген үй – жайлар мен «Барлық кандидаттардың үгіттік-баспа материалдарын орналастыру орындарымен» таныстырылып, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабында «Сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығы» негізінде заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.