eGov.kz порталында «Жүргізуші куәліктерін беру» қызметіне тапсырыс беріңіз.

eGov.kz порталында «Жүргізуші куәліктерін беру» қызметіне тапсырыс беріңіз.

Жүргізуші куәлігі - автокөлік иесі үшін таптырмайтын құжат. Бірақ куәлік мерзімі аяқталса, сіз тегіңізді, атыңызды және әкеңіздің атын өзгертсеңіз немесе құжат жоғалса не істеу керек?

eGov.kz порталында «Жүргізуші куәліктерін беру» қызметіне тапсырыс беріңіз. Ол үшін:

  • eGov.kz порталында «Азаматтарға > Көлік және коммуникациялар > Автомобиль көлігі > Жүргізуші куәліктерін беру қызметін таңдаңыз»;
  • өтінімді толтырып, барлық қажетті құжаттарды тіркеңіз. Тегін ауыстырған кезде – неке қию туралы куәлігін, ал құжатты ұрлаған немесе жоғалтқан болсаңыз - АІІБ-не анықтаманы тіркеңіз;
  • бажды төлеңіз және ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қойыңыз. Сонымен қатар, сіз аталған қызметті eGov mobile қосымшасынан ала аласыз:
  • «Қызметтер каталогы > Көлік жүргізу және көлік > Жүргізуші куәліктерін беру» қосымша бетін таңдаңыз;
  • бұдан әрі жоғарыда аталған нұсқауларды орындау қажет.Қазіргі таңда каспий қосымшасы арқылыда жүргізуші куәлігінің мерзімін білуге әрі уақытылы ауыстыруға өте ыңғайлы.<Мемлекеттік қызметтер ><Жүргізуші куәлігін ауыстыру><Өтінім беру> ары қарай бейне бақылаудан өтіп, мәміледе келтірілген нұсқауларға сәйкес фотосуретті жүктейміз. Әрі қарай мемлекеттік төлемге түсіп 3 828₸ төлеп,ХҚКО таңдап,дайын болған жағдайда, смсті күтіп дайын құжатты алып кетеміз.Қызмет көрсету мерзімі - бір сағаттан аспайды. Көрсетілетін қызметтің нәтижесі мамандандырылған ХҚКО-да ұсынылуы қажет электрондық сұрау салу болып табылады. Бұл ретте өзіңізде: жеке басты куәландыратын құжат, оны тапсыру үшін бұрынғы жүргізуші куәлігі, егер жүргізуші куәлігінің мерзімі өткен болса, 083-у нысанындағы медициналық анықтама болуы қажет.Халыққа қызмет көрсет орталығы сіздерге ыңғайлы әрі сапалы,уақытты үнемдейтін қызмет түрін таңдауға кеңес береді.