Енді ХҚО-ға барып, уақыт құртпаса да болады

Енді ХҚО-ға барып, уақыт құртпаса да болады

Биылғы сегіз айда Жамбыл облысында бала тууын тіркеу бойынша 9 724 және оның күтіміне жәрдемақы тағайындау бойынша 14 381 қызмет көрсетілді.
Көрсетілген сандарды салыстыратын болсақ, өткен жылы осы уақыт аралығында бала тууын тіркеу бойынша 12 944 құжат және жәрдемақы бойынша 16 609 өтінім қабылданған. Өңірдің стационарлы ХҚО-сында қызметтерді алу қажеттілігі 30 пайызға азайды, 2022 жылы онлайн өтінімдер саны 24 979 болды.
Көрсетілген қызметтер санының азаюы елдегі онлайн сервистің ілгері дамуымен тікелей байланысты. Еске саламыз, енді ХҚО-ға барып, уақыт құртпаса да болады. Еgov.kz, egov mobile, Кaspi және Нomebank қосымшалары, сондай-ақ 1414 арқылы проактивті түрде өзіңізге қажетті қызметке тапсырыс беруге болады.