Бүгін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Жамбыл облысына және Талас ауданына іс-сапармен келді

Бүгін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Жамбыл облысына және Талас ауданына іс-сапармен келді

Бүгін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Жамбыл облысына іс-сапармен келіп, Талас аудандық орталық емханасындағы «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы аясындағы Үздік тәжірибелер орталығының ашылуына қатысты. Облыста үшінші ауылдық емдеу мекемесінің үздіктер қатарынан көрінуіне ризашылығын білдірген А.Ғиният орталықтың ашылу лентасын қиды.
Сондвй-ақ, еліміздің бас дәрігері аудандық емхана тұрғындарымен амандасып қана қоймай, олардың медициналық қызметке қолжетімдігі мен көмек сапасы туралы пікірлерін өзі естіп, білгісі келгендігін айтты.
Ал, емхана бас дәрігері Есмахан Имаммырзаев пациенттерді қолдау қызметімен, Call-орталық пен тіркеу бөлімінің жұмысымен таныстырды. Аталған қызметтер EGOV арқылы интеграцияланған қоғамдық мониторинг және кері байланыс тетігін енгізуге арналған пациенттер мен медициналық ұйым арасындағы коммуникацияны жақсартып, ведомствоаралық коммуникацияларды жолға қоюға негізделген. Кешенді қызметтер, бірыңғай басқару жүйесін құруды қамтитын ақпараттық жүйелерді интеграциялау, бірыңғай инфрақұрылым және EGOV-пен байланыс арқылы пациенттер барлық сұрақтарға бір ақпараттық терезеден жауап ала алады. Осы бағытта қызмет көрсететін медицина қызметкерлеріне тиісті жұмыстар бойынша бірқатар ұсыныстар мен тапсырмалар берген А.Ғиният емдеу мекемесін түгел аралап, медициналық қызмет түрлерін саралап шықты.
Сондай-ақ, “Үздік тәжірибелер орталығының” тіркеу бөлімін, дәрігерге дейінгі, отбасын жоспарлау, ресурстық, баланы дамыту бөлмелерін, халықты шұғыл көмек көрсетуге оқыту бойынша тренингтік және скринингтік кабинеттерін, дәріхананы, салауатты өмір салты мен жастар денсаулық орталығын аралап көрді. Сондай-ақ, екінші қабатта орналасқан отбасылық дәрігер, отбасылық медбике, патронаждық медбике, психолог кабинетерінің, татуласу кеңсесі, ана мен бала бөлмесінің жұмысымен танысты.
Талас аудандық емханасына халық тіркелімі бойынша 43923 адам тіркелген. Оның ішінде ересектер – 26911, балалар – 14842, жасөспірімдер –2170, фертильді жастағы әйелдер-7722.
Аудан тұрғындарына медициналық емдеу алдын-алу көмегін аудандық орталық ауруханасындағы тәуліктік 140 төсек пен аурухана ішілік 30 төсектік күндізгі стационар көрсетеді. Емханада 55 адамға арналған күндізгі стационар жұмыс істейді. Алғашқы медициналық санитарлық көмекті ауысымына 620 қабылдау қуатымен, 9-дәрігерлік амбулатория, 4-фельдшерлік-акушерлік пункт, 13-медициналық пункт көрсетеді.
Аусымына 250 келушіге арналған аудандық орталық емхана 2016 жылдан бастап, халыққа қызмет көрсетіп келеді. Ауылдық округтердегі амбулаториялар мен фельдшерлік-акушерлік, медициналық пункттер байланыс құралдарымен қамтылып, ғаламторға қосылған компьютерлік техникамен толығымен жабдықталған.
Қазіргі таңда аудандық орталық ауруханасына қарасты мекемелерде 878 адам қызмет атқарады. Оның ішінде дәрігерлер саны – 96, мейірбикелер саны – 472.
ҚР Денсаулық сақтау министрі Талас ауданындағы іс-сапарының соңында тұрғындармен кездесу өткізді. Ол ауыл тұрғындарының алдында денсаулық сақтау жүйесінің бірінші міндеті - медициналық көмектің бастапқы деңгейіндепрофилактиканы күшейту екенін, әсіресе, балаларды уақытылы зерттеп қарау - маңызды екенін атап өтті. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, бірқатар қордаланған мәселелердің шешімін табуына ықпал жасайтындығын, алдағы уақытта әлі де атқарылар жұмыстар аз еместігін және олардың өз деңгейінде шешілуіне , халықтың медициналық қызмет сапасына көңілдері толуы үшін қойылған міндеттер аз еместігін жеткізді.