«БЖЗҚ» АҚ виртуалды Ашық есік күніне шақырады

«БЖЗҚ» АҚ виртуалды Ашық есік күніне шақырады

Хабарландыру – аңдатпа

 

Зейнетақы жинақтарыңның қалай жұмыс істейтінін біл!

 

«БЖЗҚ» АҚ виртуалды Ашық есік күніне шақырады

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2022 жылғы 28 маусымда Ашық есік күнін онлайн форматта өткізеді. Басты тақырып – Зейнетақы активтерін басқару: Зейнетақы активтері қалай және қайда инвестицияланады?

Өткен 2021 жыл қорытындысы бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2022 жылғы 1 қаңтарда 13,1 триллион теңгеге жетті. Бұл соманың инвестициялық жарналар мен инвестициялық табысты қамтитыны белгілі.

2021 жылғы зейнетақы жинақтарының елеулі өсімі жыл ішінде 1,4 трлн теңге болған таза инвестициялық табыстың арқасында қамтамасыз етіліп отыр. Қазақстан Ұлттық Банкінің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік – 8,4% инфляция кезінде 11,13%. Инвестициялық табыс құрамына бағалы қағаздар (салымдар мен басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі табыс, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау түріндегі табыс, валюталық қайта бағалау түріндегі табыс, сыртқы басқарудағы активтер бойынша табыс және т.б. кіретінін еске саламыз.

Іс-шара кезінде Қор мамандары еліміздің зейнетақы жүйесінің құрылымын түсіндіріп, инвестициялық табыс құрылымымен таныстырады, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару  туралы ақпаратты қайдан және қалай алуға болатынын айтып, олардың қаржылық тәуекелдерден қалай қорғалатынын түсіндіреді.

  Ашық есік күнінің 28 маусымда Жамбыл облысы филиалында онлайн форматта өтетінін еске саламыз.

  Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме бойынша өту керек. Содан кейін event-мәжіліс нөмірін  және event-мәжіліс паролін енгізіңіз.

 

2022 жылдың 28  маусымында сағат 10-00 сілтеме:


https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=efdbeeac4953e8ad613a28cddc22f60d9

event-мәжіліс нөмірі  2511 823 2057

event-мәжіліс паролі: 00000

2022 жылдың 28  маусымында  сағат 12-00 сілтеме:


https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e95223778812b1f635c97f5e62a61b911

 

event-мәжіліс нөмірі:   2512 911 0028

event-мәжіліс паролі: 00000

2022 жылдың 28  маусымында  сағат 15-00 сілтеме:


https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=ebd38bceab7a9ac43717819b7d8810b27

 

event-мәжіліс нөмірі:   2510 544 4537

event-мәжіліс паролі: 00000