Футболдан облыстық ашық турнир басталды

Футболдан облыстық ашық турнир басталды

Талас ауданы Қаратау қаласының орталық стадионында 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың құрметіне арналған футболдан дәстүрлі облыстық ашық турнир басталды.

Дүбірлі доданың ашылу салтанатына аудан әкімі Қанатбек Мәдібек, Халықаралық Қонаев қорының вице-президенті Байбол Болат қатысты.

Жарысқа қатысушы командаларды турнирдің ашылу салтанатымен құттықтаған аудан басшысы Қанатбек Қайшыбекұлы жас футболшыларға сәтті ойын, жеңіс тілеп, турнирды ашық деп жариялады.

Турнир 4 күнге созылмақ. Жеңімпаз командалар туралы қосымша толығырақ ақпарат жариялайтын боламыз.

 

Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі