Талас ауданы әкімінің орынбасары Медет Уристеновтың төрағалығымен ауыл шаруашылығы, ветеринарлық қызмет саласы бойынша кеңес өтті.

Талас ауданы әкімінің орынбасары Медет Уристеновтың төрағалығымен ауыл шаруашылығы, ветеринарлық қызмет саласы бойынша кеңес өтті.

1) Аталған жиынға Талас ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ауданбек Ерубай, ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекциясы комитетінің Талас аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Бақытғали Аманбай, ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Жамбыл облысы Талас аудандық филиалының басшысы Сермұқан Пазылбеков, Талас аудандық ветеринарлық станциясының директоры Жарқын Қалмақанов, «ҚазСушар» РМК филиалының Ақкөл өндірістік бөлімшесінің басшысы Әбіләмид Ахметов, «Жамбыл су қоймалары» филиалының Талас аудандық бөлімшесінің  басшысы Кенжебек Омарқұлов және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Кеңесте көтерілген 4 мәселе бойынша тиісті сала мамандары баяндама жасады. Атап айтқанда, көктемгі егіс туралы сөз қозғаған Ауданбек Тәжібекұлы аудан бойынша биылғы көктем айларында 4630 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілетіндігін, оның ішінде: 1600 гектар жаздық арпа, 500 гектар дәндік жүгері, 650 гектар мақсары, 50 гектар күнбағыс, 130 гектар картоп, 300 гектар бақша, 200 гектар көкөніс және 1200 гектар көпжылдық шөп себілетіндігін тілге тиек етті. Ол үшін қажетті тұқым қолда бар тұқымдардан бөлек, жетіспейтін арпа, көп жылдық шөп тұқымдарын Жуалы, Меркі аудандарындағы тұқым шаруашылықтарынан сатып алуға келісім жасалғандығын, ал, жүгері тұқымына Алматы облысындағы «Будан» ЖШС-не тұқым шаруашылығына тапсырыс берілгендігін атап өтті.

2) Кеңесте көтерілген екінші мәселе бойынша ҚР АШМ АӨК МИК Талас аудандық аумақтық инспекциясы басшысы Б.Аманбай баяндама жасады.

Б.Аманбай: Талас ауданы бойынша үйірлі шегірткелердің үш түрі (марокколық, итальяндық прус, азиялық шегіртке) 8 ауылдық округ бойынша қоныстанған. Атап айтсанда Ойық, Ақкөл, Бостандық, Қызыләуіт, Берікқара, Тамды, Кеңес, Қаратау ауылдық округтерінде таралған. Талас аудандық фитосанитариялық диагностика және болжамдау әдістемелік орталығының мамандарының анықтау зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша 2022 жылға аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы химиялық өңделетін жер көлемі 5100 гектар болып болжамдалып отыр. Оның ішінде марокко шегірткесі 1000 гектар жер үстімен, итальяндық прус 1500 гектар жер үстімен, азиялық шегіртке 2600 гектар ұшақпен және саяқ шегіртке 900 гектар жер үсті болып жоспарланып отыр- деді.

Сонымен қатар, аудан көлемінде өсімдіктерді қорғау және карантин салалары бойынша ақпан айының 02-10 аралығында «РФД ж БӘО» РММ Талас аудандық филиалының мамандарымен бірлесіп, 13 ауылдық  округ бойынша агрооқу жұмыстары жүргізілгендігін атап өтті.

3) Кеңесте қаралған үшінші мәселе бойынша ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Жамбыл облысы Талас аудандық филиалының басшысы С.Пазылбековтың аудандағы жоспарланған жұмыстары туралы баяндамасы тыңдалды.

Талас ауданы бойынша 2022 жылға жоспар бойынша барлығы 394600 гектар жерге мониторингтік тексеру жұмыстары жүргізіледі.

Оның ішінде: Ерекше қауіпті зиянкестердің (сарышұнақтар, кеміргіш тышқандар, шегірткелердің) шығу мерзімін, таралуын және зияндылығын анықтау үшін 353150 гектар жерге мониторингтік тексеру жұмыстары жүргізіледі.

Карантиндік нысандар бойынша (қауын шыбыны, арамсояу, жатаған у кекіре) ауыл шаруашылық жерлерде анықтау үшін 14050 гектар жерге мониторингтік тексеру жұмыстары жүргізіледі.    

Зиянды организмдер бойынша (Бидай трипсі, Қараағаш жапырақ жемірі, жоңышқа бізтұмсығы, мақсары зиянкестері т.б) 27400 гектар ауыл шаруашылық жерге тексеру жұмыстары жүргізіледі.

Химиялық өңдеу жұмыстарына келсек, 2022 жылға химиялық өңделуге жататын болжам көлемі барлығы 5100 гектар. ЕҚЗО марокко шегірткесіне 1000 гектар, итальян шегірткесіне 1500 гектар, азиалық шегірткесіне 2600 гектар, және саяқ шегірткесіне 900 гектар. Қараағаш жапырақ жеміріне 2022 жылға болжам көлемі 10 гектар.

Карантиндік нысандар бойынша: карантиндік арамшөп, жатаған у кекіре 421,63 гектар, 410 гектар мемлекеттік жер қорында, 11,63 гектар автомобиль жолдары бойында, арамсояу 0,35 гектар, 0,28 гектар жол бойында, 0,07 гектар темір жол вокзалында.

4) Аудан бойынша эпизоотиялық ахуал тұрақты деп санауға болады. Биылғы жылы алынған нодулярлық дерматит (33,0) ауруына және тейлериоз ауруына (20,5) вакцина толығымен салынды. Аусыл ауруына қарсы МІҚ - 74,0 бас, уақ мал - 850,0 бас егілді. Сібір жарасына қарсы 33,0 бас МІҚ, 400,0 бас уақ мал, 13,7 бас жылқы малы, 2,2 бас түйе малы, 0,15 бас шошқа малдары егілді. Сондай-ақ қарасан ауруына қарсы 38,0 бас МІҚ малы егіліп, эхинококкоз ауруына қарсы 22,0 ит пен мысық дәріленді. Егілген малдардың деректері компьютерлік базаға еңгізіліп отырылады. Солтүстік облыстарда құс тұмауының тіркелуіне байланысты ауылдық округтер мен Қаратау қаласындағы барлық үй құстары толығымен егілді. (93,0 доза вакцина)

Одан бөлек, аудан бойынша 2021 жылы қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап жою жұмыстарына 1916,0 мың теңге қаражат бөлініп, оған 1091 ит пен 120 мысық жойылды. Жойылған иттер мен мысықтарды аудан бойынша орналасқан биотермиялық шұңқырларға тасталынып отырылады. 

Сонымен қатар, былтыр аудан бойынша 13,0 МІҚ, 154500 уақ мал, 340 дана  түйеге сырға алынды. Алынған сырғаның барлығы 2021 жылғы төлдерге салынды. 2021 жылғы АШМБ базасында 30349 бас МІҚ малы, 342841 бас уақ мал, 198 бас шошқа малы, 12570 бас жылқы малы, 2204 бас түйе малы тіркеуде тұр. Ал сырғасы түскен малдарға қайта сырға көшірмесін салу жұмыстары жүргізілді.

 

 

Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі