Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойы қарсаңында Талас ауданының орталығы — Қаратау қаласында алғаш рет мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы ашылды.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойы қарсаңында Талас ауданының орталығы — Қаратау қаласында алғаш рет мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы ашылды.

 

 Мұндағы мамандар ерекше балалардың әрқайсысымен жеке жаттығу жасап, қоғаммен бірге өмір сүруіне жағдай жасайды. Ең бастысы тегін қызмет көрсетеді. Орталықтың салтанатты ашылу шарасына өңір басшысы Бердібек Мәшбекұлы, аудан әкімі Қанатбек Мәдібек қатысып, орталықтың жұмысымен танысты.

Әлеуметтік және зайырлы қоғамның басты міндеті – ерекше жағдайдағы азаматтар мен балаларға қолдау көрсету. Мүмкіндігі шектеулі жандардың ем алуына қолайлы жағдай туғызу мақсатында бүгін мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының жаңа ғимаратын пайдалануға беріп отырмыз. Мұнда ерекше жағдайдағы балаларды қоғамға әлеуметтік бейімдеу және оңалту жұмыстары жүргізіледі, - деді орталықтың ашылу салтанатында өңір басшысы.

Оңалту орталығында психолог, дефектолог, логопед және әлеуметтік педагогтар жұмыс істейді және ем қабылдаған балалардың дертінен айығуына мүмкіндіктері бар. Жобалық қуаттылығы 25 емделушіге арналған оңалту орталығында 13 бөлме, массаж кабинеттері мен   ЕСК (ЛФК) кабинеттері жұмыс істейді.

 

Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі