«Pfizer» вакцинасы туралы ақпараттарды насихаттау

«Pfizer» вакцинасы туралы ақпараттарды насихаттау

Талас ауданында «Pfizer» вакцинасы туралы ақпараттарды насихаттау, ата-аналар мен дәрігерлер арасында байланысты қалыптастыру бағытында жұмыстар өз деңгейінде жүргізілуде.

 Талас ауданы Қаратау қаласындағы Қаратау құрылыс – техникалық колледжінде білімгерлердің ата-аналарымен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге «Pfizer» вакцинасын егу туралы ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған жиынға Талас аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Е.Кенжебаев және Талас аудандық орталық емхана меңгерушісі Г.Каленова қатысты.

Балалар үшін жұқпалы аурулардан қорғаудың ең тиімді және кейде жалғыз жолы – вакцинация. Ол балалар мен жасөспірімдерді көптеген аурулардан, ауыр асқынулардан және тіпті өлімнен құтқарады. Аталған жиында мамандар тарапынан екпе салуға қарсы ата-аналарға «Pfizer» вакцинасының маңыздылығы туралы, сондай-ақ, аталған препараттың құрамы мен сақталу ерекшеліктері туралы толыққанды  ақпарат жеткізілді.

Әрине, ата-ана вакцина десе шошитын жағдайға жетті. Алайда, ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын қарастыру қажет.