Баспана бақыт сыйлады

Баспана бақыт сыйлады

 

 

♦ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы аясында еліміздің әр өңірінде игі істер жүзеге асырылуда. Соның бірі облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған - «Асарлатып үй салу» жобасы.

♦ Жоба аясында бүгін Көктал ауылында төрт бөлмелі үй пайдалануға берілді.

♦ Бұл осымен аудан аумағындағы биылғы жылы ел игілігіне берілген 7-ші баспана.

♦ Төрт бөлмелі жеке үй ауыл тұрғындарының, кәсіпкерлердің демеушілігімен, ауыл ақсақалдары мен жастарының көмегімен жүргізілді. Аталған баспана ауыл тұрғындарының ұйғарымымен жас отбасыға берілді.

♦ Игілікті іске аудан әкімі Қанатбек Қайшыбекұлы мен аудандық мәслихат хатшысы Қадірбек Рысқұлбекұлы қатысып, қуаныш иелеріне тілеулестігін білдірді. 

- Облыс әкімінің бұл бастамасы талай жанұяға қуаныш, қаншама отбасына көңіл сыйлады. Аталған үйдің шаңырағы әрқашан биік, іші бүлдіршіндердің күлкісі мен қуанышына толы болсын деп құттықтау сөзін жеткізген аудан әкімі Қанатбек Қайшыбекұлы жалпы сауабы мол игі іске аядай ат салысқан бірқатар ауыл тұрғындарына алғысын білдірді.

♦ Дәстүрді сақтап, игі іске сеп болған  азаматтардың ат салысуымен бой көтерген баспананың ашылу салтанатында тілеулес тұрғындар аз болмады.

♦ Өзгелер үлгі алатын осы бір өнегелі істе ауыл ақсақалдар кеңесінің төрағасы аталық ақ батасын беріп баспана кілтін жас отбасы Райхан Әділет Илескенұлына табыстады.

 

Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі