Цифрлік құжат - тұрмыс қажеттілігі.

Цифрлік құжат - тұрмыс қажеттілігі.

 

Күнделікті өмірде, ойламаған жерден бір құжатты немесе электрондық қызметті алу керек болады. Мемлекеттік органдар қызмет алу үшін жеке куәлігіңізді талап етеді.

Қызмет алуға қажетті құжатты асығып тұрып ұмытып кеткен жағдайда не істеуге болады? Бұл жағдайда  сіздің электрондық құжаттарыңыз көмекке келеді.

Ал өз кезегінде, Сіз электрондық  құжат туралы не білесіз?

ХХІ ғасыр әлемдік өркениеттің қарқынды дамуын сырттай бақылап отыруға толық мүмкіндік беретін кезең. Жаңа заман талаптарының бірі - адам уақытын үнемдеуге көмек беру. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алған уақыттан бері, жаңа заман талап ететін өзгерістерге өзінің үлесін қосып келеді.  Сол өзгерістердің бірі- egov.kz порталынан немесе egov мобильдік қосымшасынан алуға болатын цифрлік құжаттар. 

«Цифрлық құжаттар» - egov.kz порталында  немесе «eGov Mobile» қосымшасында жеке электрондық құжаттарды сақтау сервисі.

Цифрлық даму министрінің тиісті бұйрығына сай сандық құжаттар қызметі жүйелі пайдаланыла бастады. Цифрлық құжаттар мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесіндегі деректер негізінде жасалады. Бұл қызмет түрін алу үшін электронды цифрлық қолтаңба болуы қажет және мобильді қосымшаға тіркелу керек. Цифрлік құжаттарға: жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, туу туралы куәлік, неке туралы куәлік, COVID-19 бойынша ПТР-тесттің нәтижесі, зейнеткердің куәлігі, әлеуметтік ID, вакцинация төлқұжаты тағы да басқа жатады. Қазіргі таңда сіз цифрлық құжатты емін-еркін, легитимді түрде пайдалана аласыз. Халыққа қызмет көрсету орталығына келіп электрондық жеке куәлікті көрсете отырып, қалаған қызмет түріне қол жеткізе аласыз. Аэропортта, теміржол бекеттерінде электрондық құжаттарды көрсете отырып, кез-келген бағытта қатынай аласыз. Уақыт өте келе барлық жерде электрондық құжатты пайдалана алатын боламыз.

Алайда қазақстандықтар заң бойынша әлі де құжаттарды өзімен бірге алып жүруі тиіс екенін ұмытпауы керек.

 

 

 

«Азаматтарға арналған үкімет

мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ»

Жамбыл облысы бойынша филиалының

Талас аудандық Халыққа

қызмет көрсету бөлімі