Ер есімі ел есінде!

Ер есімі ел есінде!

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, қызмет бабында қаза тапқан полиция аға лейтенанты Ерғали Сәкеновпен «Халық қаһарманы», полиция капитаны Ғазиз Әбдібекұлы Байтасовты еске алу мақсатында Талас ауданы, Қаратау қаласында орналасқан Денешынықтыру-сауықтыру кешенінде спорттық іс-шаралар өткізілді.

Жарыстың ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Роман Қырықбаев ұйымдастырылған іс-шараның тағылымдық мәнін ерекше атап өтті. Турнирдің ашылу салтанатына полиция ардагерлері Сабыржан Байжанов, Нұрлыбай Айтжанов қатысты.

Ұйымдастырылған спорттық іс - шара кермеге тартылу, гір көтеру, арқан тарту, кіші футбол сынды спорт түрлері бойынша өткізілді.

Батырлар ерлігін ұлықтаған жарыста 4 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Жалпы командалық есепте 1-орынды Жол патрульдік полиция бөлімінің қызметкерлерінен құралған команда иеленді. 2 – орынды № 1 учаскелік полиция инспекторлары командасы жеңіп алса, 3-орын № 2 учаскелік полиция инспекторларына бұйырды.

Жекелеген сайыстар бойынша кіші футболдан 1 - орынды Жол-патрульдік полиция командасы, 2 - орын № 1 учаскелік полиция инспекторлары командасы, 3-орынға № 2 учаскелік полиция инспекторларының командасы жайғасты.

Арқан тартудан 1 - орынды Жол-патрульдік полиция командасы,              2 - орын № 2 учаскелік полиция инспекторлары командасы, 3-орынға № 1 учаскелік полиция инспекторларының командасы алды.

Кермеге тартылу бойынша 1-орын Мұса Сағындық, 2-орын Әбілдаев Асхат, 3-орын Құрман Дастан.

Гір көтеру бойынша 1-орынды Тазабек Мақұлбек, 2-орын Құрман Дастан, 3 – орынға Наймантай Сұлтан жайғасты.

«Ер есімі – ел есінде» демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аға ұрпақтың, бүгінгі күннің батырларының ерлігі ешқашан ұмытылмайды.