Барлық анықтамаларды қосымшалар арқылы өз смартфоныңыздан еш қиындықсыз ала аласыз.

Барлық анықтамаларды қосымшалар арқылы өз смартфоныңыздан еш қиындықсыз ала аласыз.

Сәтті сұхбаттасудан және жұмыс берушінің сізді жұмысқа қабылдауға келісімінен кейін стандартты құжаттар пакетін жинау керек болады.

Егер әбігерден құтылып, уақытыңызды үнемдегіңіз келсе біздің құжат жинау бойынша пайдалы нұсқаулығымызды пайдаланыңыз.

Қазір ешқайда барудың және кезекте тұрудың қажеті жоқ. Барлық анықтамаларды Telegram (EgovKzBot2.0), Egov Mobile, Egov.kz қосымшалары арқылы өз смартфоныңыздан еш қиындықсыз ала аласыз.

Барлық танымал анықтамалар, мысалы, псих/нарко/туб диспансерлерінен ақпарат, зейнетақы жинақтары туралы, соттылығының бар-жоғы туралы анықтама, одан бөлек жүзден астам басқа да сервистер мен қызметтер осы қосымшалар арқылы қолжетімді.

Айтпақшы, жұмыс беруші де үшінші тұлғалардың анықтама алу сервисін пайдаланып, сіздің келісіміңізбен қажетті анықтамаларды онлайн сұрай алады. Ол үшін телефоныңызға сұрау келіп түскен соң 2 сағаттың ішінде жауап беуіңіз керек.

Уақытыңызды бағалаңыз, жаңа қызметіңізге сәттілік!