БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы үшін конкурс өткізу туралы хабарландыру
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасы бойынша «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындауға арналған конкурс өткізеді.
Халықаралық сыйлық әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосқан волонтерлер мен волонтерлер тобын, отандық және халықаралық волонтерлік ұйымдарды көтермелеуге бағытталған.
Байқауға үміткерлер әлемнің түкпір-түкпірінен қатыса алады. Ол үшін qazvolunteer.kz интернет-платформасында өтінім беріп, волонтерлік қызметі туралы деректерді толтыру қажет. Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 1 қазан сағат 09.00-ден басталады және 2021 жылғы 20 қазан сағат 18.30-ге дейін жалғасады.
Байқау екі кезеңде өтеді:
бірінші - qazvolunteer.kz интернет-платформасында ашық онлайн-дауыс беру,
екінші - ең көп дауыс жинаған және екінші кезеңге өткен қатысушыларды Конкурстық комиссия бағалайды.
Нәтижесінде келесі номинациялардың әрқайсысы бойынша үш үміткер жеңімпаз болып танылады:
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын беру қағидалары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурстарында орналастырылған.
Конкурстың толық шарттарымен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/documents/details/77386?lang=kk
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі