Тұрымқұл ауылының тұрғындары және жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысы

Тұрымқұл ауылының тұрғындары және жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысы

Талас ауданы Ойық ауылдық округі Тұрымқұл ауылының тұрғындары және жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының

№5 хаттамасы

 

Тұрымқұл ауылы                                                                                 23.09.2021 жыл

 

Сағат:

10:00 (Амангелді Иманов к-сі),

10:30 (Жаңатоған  к-сі),

11:00 (Мәншүк Мәметова к-сі),                                                                      

11:30 (Төлеген Тоқтаров к-сі)

        

Жиналыс төрағасы: Н.Мұхтаров

Жиналыс хатшысы: Д.Жаңабек

Жиналысқа қатысқандар:

  1. Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің саны – 12 адам;
  2. Амангелді ауылы тұрғындарының саны – 37 адам.

 

Күн тәртібінде:

Талас ауданы Ойық ауылдық округіне қарасты Тұрымқұл ауылын Бөрібай ауылы деп қайта атау туралы.

                  

         Тыңдалды: Н.Мұхтаров – Ойық ауылдық округінің әкімі: Ойық ауылдық округі Тұрымқұл елді мекенінде 37 аула, 260 тұрғын бар. Бүгінгі жиналысқа 12 жергілікті қоғамдастық мүшесі, 37 (18 жастан жоғары) ауыл тұрғыны қатысып отыр.

         Ауыл тұрғындарынан 2021 жылдың 19 тамызында түскен өтініште Тұрымқұл ауылын Бөрібай ауылы деп қайта атау сұралған.

Осыған орай, қатысты әрқайсыңыз өз ойларыңызды ортаға салуларыңызды сұраймын.

Сөйлеген: Қ.Бастаубаев, Н.Әлімбеков – А.Иманов, Т.Тоқтаров көшелерінің тұрғындары: Біздің ауылымызға «Бөрібай» атамыздың есімін сұрануымыздың себебі Тұрымқұлға дейін ауыл атауы Жаңатұрмыс ауылы деп аталған. Жаңатұрмысқа дейін ауыл атауы «Бөрібай» деп аталып келген. Демек, Бөрібай ауылымыздың тарихи атауы. Бөрібай – батыр, би болған. Әділдігімен қарақылды қақ жарып, батырлығымен талай жауды тізе бүктірген. Халық аузында әлі күнге дейін «Іргесін жау көрмеген Бөрібай ауылы» деген сөз бар. Одан қала берді Бөрібай заманында халықты отыршылдыққа, егістікке, диханшылдыққа үйреткен. Бір сөзбен айтқанда, Бөрібай тарихи тұлға ретінде халық жадында сақталған. Осы себепті де, ауыл атауын Бөрібай ауылы деп қайта атауды сұраймыз.

Сөйлеген: С.Капаров, Ж.Анаев – Жаңатоған, М.Мәметова көшелерінің тұрғындары: Бөрібай атамыз өз кезінде Талас өзеніне тоған салдырып, қазіргі «Бөрібай» каналын қолмен қаздырған. Төменгі Талас өзенін толығымен сумен қамтамасыз еткен. Қазіргі таңда қазылған каналдың жемісін Тұрымқұл, Ойық, Сейілбек, Үшарал ауылдарының тұрғындары көріп келеді. Сондықтанда Тұрымқұл ауылын Бөрібай ауылы деп қайта атауды халық болып сұраймыз.

Сөйлеген: П.Рахыманбердіұлы, Б.Алимбеков, Б.Бидайбеков жергілікті қоғамдастық мүшелері: Бөрібай – тарихи тұлға. Жаугершілік заманында Бөрібай төменгі Талас халқының ынтымағы мен бірлігін сақтау мақсатында соғысқан. «Қазақ шежіресі» кітабында да Бөрібай атамыздың есімі аталады. Тұрымқұл ауылының тұрғындарының өтінішіне сәйкес, ауылға тарихи атауды қайтаруды дұрыс деп санаймыз.   

Тыңдалды: Н.Мұхтаров – Ойық ауылдық округінің әкімі:                    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылы 8 желтоқсандағы Заңының                                14-1-бабының 1-тармағына және «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау, өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескеру мақсатында ашық дауысқа салды.

Қарсы – 0;

Қалыс – 0;

Қолдаған адам саны – 37.

Округ әкімі дауыс беру қорытындысы бойынша Тұрымқұл ауылын Бөрібай ауылы деп қайта атау туралы ұсынысты ауыл тұрғындары көпшілік дауыспен қолданғандығы туралы жария етті.

 

 

ШЕШІМ ЕТЕДІ:

 

  1. Талас ауданына қарасты Ойық ауылдық округіндегі Тұрымқұл ауылы Бөрібай ауылы деп қайта аталсын.
  2. Осы ұсыныс жергілікті өкілді және атқарушы орган тарапынан тиісті аумақ халқының пікірін ескерудің қорытындысы бойынша бірлескен шешіммен облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының қарауына енгізілсін.

 

 

Жиналыс төрағасы                                                                   Н.Мұхтаров

 

Жиналыс хатшысы                                                                  Д.Жаңабек