ҚР Парламентінің Сенат депутаты Б.Орынбеков жұмыс сапарымен Талас ауданында болды.

ҚР Парламентінің Сенат депутаты Б.Орынбеков жұмыс сапарымен Талас ауданында болды.

ҚР Парламентінің Сенат депутаты Б.Орынбеков жұмыс сапарымен Талас ауданында болды. Сапар барысын сенатор Бостандық ауылдық округінен бастап, Талапты ауылының Талапты орта метебінің, Бостандық ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен Алғабас орта мектебінің, сондай-ақ Аққұм ауылындағы Б.Тоқтықожаұлы атындағы орта мектептің жұмыстарымен танысып шықты. Бекболат Серікбекұлы мектеп директорларына алдағы оқу жылын дәстүрлі оқу жүйесіне дайын болу қажеттігін ескертті. Сонымен қатар, мектептердегі қысқы жылыту маусымына дайындық жайын пысықтады.  Жұмыс сапарының келесі кезегінде Ақкөл ауылына ат басын бұрған Б.Орынбеков 2021 жылы атқарылатын жұмыстармен таныс болды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында атқарылатын жұмыстарымен таныстырған Ауыл әкімі Жандос Ратов Ақкөл каналындағы науалардың қалпына келтіріліп жатқандығын және 19 көшеде жөндеу жұмыстары басталғанын атап өтті. Ауыл-аймақты аралаған сенатор алдымыздағы ауыл әкімдерін сайлау бойынша бірқатар заңнамаларды түсіндіріп, сайлауға дайындық барысын да көріп қайтты. Аудандағы қарқынды құрылыс та Сенат депутатының назарынан тыс қалмады. Қазіргі таңда жаңғыртудан өткізіліп жатқан, Қаратау қаласындағы 3 мөлтек ауданында орналасқан №17 үйдің құрылыс жұмыстарын көріп қайтқан Бекболат Серікбекұлы тындырымды тірлікке оң бағасын берді. Мердігер компанияға жөндеу жұмыстарының сапалы болуын тапсырды. Құрылыс барысынан соң Сенат депутаты «Игілік» көпсалалы кәсіпорнындағы қазандық жұмысымен танысып шықты.  «Игілік» кәсіпорнының директоры Рашид Сейдалиев су және жылу энергиясының бағасын төмендететін жаңа жобасын таныстырды. Өндірілетін су және жылу энергиясының бағасын тұрақты ету үшін орталық қазандық аумағына TEDOM CENTO 530 когенерация құрылғысын орнату бойынша пилоттық жоба жасалды. Бір модульді орнатуға кететін номиналды газ шығыны 138 сағ/м³ құрайды. Бұл пилоттық жоба жергілікті атқарушы органдардың келісімімен және Жамбыл облысы әкімдігінің тікелей бақылауымен жасалды. Когенерациялық құрылғының ұтымды тұстары көп және құрылғы электр энергиясын аз жаратады. Кәсіпорын директоры жобаны іске асыру үшін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ газ тарату желілеріне техникалық шарттарды беруге өтінім жасалғандығын тілге тиек етті.  Жұмыс сапарының соңында Бекболат Серікбекұлы аудандық орталық аурухананың жұмысымен танысты. Аурухананың бас дәрігері Есмахан Имаммырзаев ауруханадағы жағдай тұрақты екенін айтты. Қазіргі таңда барлық дәрігерлер екпе алғандығын, аудан бойынша 10 мыңнан астам тұрғын вакцина қабылдағанын атап өтті.