ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты, «Nur Otan» фракциясының мүшесі Гүлдара Нұрымова жұмыс сапарымен Талас ауданына келіп кетті.

ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты, «Nur Otan» фракциясының мүшесі Гүлдара Нұрымова жұмыс сапарымен Талас ауданына келіп кетті.

ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты, «Nur Otan» фракциясының мүшесі Гүлдара Нұрымова жұмыс сапарымен Талас ауданына келіп кетті. Халық қалаулысы ең алдымен «Орталық стадионның» жай-күйімен таныс болды. Жаңа құралдармен және орындықтармен жабдықталған, футбол алаңшасы табиғи көгалдандырылған стадионның жағдайын көрген Гүлдара Алданышқызы алдағы уақытта бұл жерден атақты чемпиондар шығуына тілектестігін білдірді. Сонымен қатар, бұқаралық спортқа көңіл бөліп, қарапайым халықтың спорт нысандарына жиі баруына жағдай жасалу қажеттігін атап өтті. Бұл ретте дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Шыңғыс Рысбек бұқаралық спортты дамыту бойынша бірқатар жобалар қолға алынып, аудан аумағында стрит воркаудтар мен футбол алаңшалары салынып жатқандығын тілге тиек етті. Сондай-ақ, «Орталық стадиондағы» футбол алаңшасының құрылысымен таныстырып өтті.
Жұмыс барысының келесі кезегінде Г.Нұрымова Д.А.Қонаев атындағы орта мектебінің жұмысымен танысып қайтты. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жаңа оқу жылында барлық оқу орындары дәстүрлі оқу жүйесіне оралу қажеттігін атап өткендіктен, Гүлдара Алданышқызы 2021-2022 оқу жылына дайындық жоғарғы деңгейде болуын тапсырды.
Халық қалаулысы ел тілегін тыңдап, түйткілді мәселелерді тұрғындардың өз аузынан ест үшін Г.Нұрымова «Nur Otan» партиясы Талас аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді. Түрлі мәселелермен қабылдауға келген тұрғындардың мәселелері бойынша сала басшылары тиісті жауабын беріп отырды. Жұмыс сапарының соңында Гүлдара Алданышқызы аудандық орталық аурухананың тыныс тіршілігімен танысты. Емделушілер мен дәрігерлердің жағдайына жіті назар аударған халық қалаулысы аурухананы жаңа технологиялық жабдықтармен де қамтуға ықпал ететіндігін айтты.