Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаты Б.Орынбековтың Талас ауданына жұмыс сапары

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаты Б.Орынбековтың Талас ауданына жұмыс сапары

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаты Б.Орынбековтың Талас ауданына жұмыс сапарының

АҚПАРАТЫ

 

        Ағымдағы жылдың 15 шілдесі күні Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаты Орынбеков Бекболат Серікбекұлы Талас ауданына жұмыс сапары барысында           2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалған 4 ауылдық округ әкімдерінің сайлауына байланысты сайлау учаскелерінің дайындық жұмыстарымен танысты. Бостандық ауылдық округіндегі Талапты ауылындағы Талапты орта мектебінде орналасқан №393 сайлау учаскесінде және Бостандық ауылындағы Алғабас орта мектебінде орналасқан  №392 сайлау учаскесінде болды. Сонымен қатар, Аққұм ауылындағы ауылдық клубта орналасқан №391 сайлау учаскесінде және Ойық ауылындағы Б.Әлменұлы атындағы орта мектебінде орналасқан №402 сайлау учаскесінде болып, сайлау науқанына дайындық барысын көрді.

        Жалпы 4 ауылдық округ әкімдерінің сайлауына округке қарасты 8 елді мекенде 8669 тұрғының  3802 сайлаушысы бар. Сайлау өтетін ауылдық округтердегі 8 сайлау учаскесінің 7 мектепте, 1 ауылдық клубта орналасқан.

Сайлау науқанында 1 аумақтық және 8 учаскесі сайлау комиссиясы жұмыс атқаратын болады. Барлық 8 сайлау учаскелерінде 44 комиссия мүшесі жұмысқа тартылды

26 маусым – 10 шілде аралығында кандидаттарды ұсыну бойынша: 4 ауылдық округке «Nur Otan» партиясынан 3 кандидат, «Қазақстан халық партиясынан» - 3 кандидат, «Ақ жол» партиясынан – 2 кандидат және өзін- өзі ұсыну бойынша 4 кандидат ұсынылып, тіркелді. Бүгінгі күнге үгіт насихат жұмыстары басталды.