АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

 

2021 жылғы 02 шілде Талас аудандық сайлау комиссиясына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес, «Nur Otan» саяси партиясы ұсыну тәртібімен кандидат болып түсу туралы құжаттарды тапсырды:

Аққұм ауылдық округі әкімін сайлау бойынша – 1;

Бостандық ауылдық округі әкімін сайлау бойынша – 1;

Ойық ауылдық округі әкімін сайлау бойынша – 1.

Талас аудандық сайлау комиссиясы ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша кандидаттардың оларға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», ҚР Конституциялық заңында, Мемлекеттік қызмет туралы Заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұраулар салу негізінде анықтайды.

2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну а.ж. 26 мауысымынан 9 шілдеге дейін (сағат: 18-00 ге дейін) жүзеге асырылады.