Талас ауданы С.Шәкіров ауылдық округі Тамабек ауылының тұрғындары және жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысы

Талас ауданы С.Шәкіров ауылдық округі Тамабек ауылының тұрғындары және жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысы

Талас ауданы С.Шәкіров ауылдық округі Амангелді ауылының тұрғындары және жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының

№12 хаттамасы

 

Тамабек ауылы                                                                                    25.06.2021 жыл

 

Сағат:

10:00 (Амангелді Иманов к-сі),

10:30 (Дүкенбай Оразбаев к-сі),

11:00 (Ынтымақ к-сі),                                                                       11:30 (Мұратбек Ташкентбаев к-сі)

        

Жиналыс төрағасы: Р.Бекбосын

Жиналыс хатшысы: Б.Орынбеков

Жиналысқа қатысқандар:

  1. Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің саны – 3 адам;
  2. Амангелді ауылы тұрғындарының саны – 78 адам.

 

Күн тәртібінде:

Талас ауданы С.Шәкіров ауылдық округіне қарасты Амангелді елді мекенін Тамабек ауылы деп қайта атау туралы.

                  

         Тыңдалды: Р.Бекбосын - С.Шәкіров ауылдық округінің әкімі: С.Шәкіров ауылдық округі Амангелді елді мекенінде 81 аула, 534 тұрғын бар. Бүгінгі жиналысқа 3 жергілікті қоғамдастық мүшесі, 78 (18 жастан жоғары) ауыл тұрғыны қатысып отыр.

         Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы департаментінің                  хатында (№08-09-3/326-И, 30.04.2021 ж.) С.Шәкіров ауылдық округіне қарасты Амангелді елді мекенінің атауы «Мекен-жай тіркелімі» ақпараттық жүйесі (Тамабек) мен департаменттің әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеу (КАТО) коды бойынша (Амангелді) сәйкес келмейтіндігі көрсетілген.

Сәду Шәкіров ауылдық округіне қарасты бұрынғы Амангелді елді мекенінің атауы 1996 жылы 12 маусымда аудандық мәслихат пен аудан әкімінің бірлескен  №12 шешіміне сәйкес Тамабек ауылы болып өзгертілген, алайда, облыстық архивтен алынған мәліметтерге сәйкес облыстық мәслихат пен облыс әкімінің бірлескен шешімі шықпағаны анықталды.

Осыған орай, қазіргі таңда Амангелді елді мекенін Тамабек ауылы деп қайта атау бойынша жұмыстар жүргізу қажеттілігі туындап отыр. Осы мәселеге қатысты әрқайсыңыз өз ойларыңызды ортаға салуларыңызды сұраймын.

Сөйлеген: С.Бағымбекұлы, М.Тұрсынбеков – Ынтымақ, Д.Оразбаев көшелерінің тұрғындары: Қазіргі таңда Амангелді елді мекенінде тұратын барлық тұрғындардың құжаттарында ауыл атауы Тамабек деп көрсетілген. Сондықтан да ауыл атауын Тамабек деп қалдыруды жөн деп санаймын.

Сөйлеген: Ш.Ауданов, Ә.Батырбек – А.Иманов, М.Ташкентбаев көшелерінің тұрғындары: Тамабек Қартабайұлы аудан және ауылды көркейтуге, сәулетті ғимараттар салуға, тарихи-мәдени ескерткіштер орнатуға және де өміріндегі елеулі игі істерді жүзеге асыруға бар білімін,                                қажыр-қайратын жұмсаған. Ауыл атауын Тамабек Қартабайұлының атымен қалдыруды дұрыс деп санаймын. 

Сөйлеген: Д.Нуртаев, М.Ажибеков, Д.Әбуталипов жергілікті қоғамдастық мүшелері: Тамабек Қартабайұлы ауданның білім саласына да зор үлесін қосқан тұлға. Мектеп директоры, аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған. Кейінірек аудандық партия комитетінде нұсқаушы, бөлім меңгерушісі болған. Тамабек Қартабайұлы осы ауылда туып өскен. Сондықтан Амангелді елді мекенін Тамабек ауылы деп қайта атаған дұрыс деп санаймыз.

Тыңдалды: Р.Бекбосын - С.Шәкіров ауылдық округінің әкімі: «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылы 8 желтоқсандағы Заңының                                14-1-бабының 1-тармағына және «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау, өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескеру мақсатында ашық дауысқа салды.

Қарсы – 0;

Қалыс – 0;

Қолдаған адам саны – 78.

Округ әкімі дауыс беру қорытындысы бойынша Амангелді елді мекенін Тамабек ауылы деп қайта атау туралы ұсынысты ауыл тұрғындары көпшілік дауыспен қолданғандығы туралы жария етті.

 

ШЕШІМ ЕТЕДІ: 

  1. Талас ауданына қарасты С.Шәкіров ауылдық округіндегі Амангелді елді мекені Тамабек ауылы деп қайта аталсын.
  2. Осы ұсыныс жергілікті өкілді және атқарушы орган тарапынан тиісті аумақ халқының пікірін ескерудің қорытындысы бойынша бірлескен шешіммен облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының қарауына енгізілсін.

 

 

Жиналыс төрағасы                                                                   Р.Бекбосын

 

Жиналыс хатшысы                                                                Б.Орынбеков