Талас ауданында ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша  сайлау округтерін құру туралы

Талас ауданында ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша   сайлау округтерін құру туралы

Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

Ш Е Ш І М І

 

Қаратау қаласы                                    № 13                           25 маусым 2021 жыл

 

 

Талас ауданында ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша

 сайлау округтерін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының     14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Талас аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. Талас ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтері құрылсын:

1) Аққұм ауылдық округінің шекарасында Аққұм сайлау округі;

2) Бостандық ауылдық округінің шекарасында Бостандык сайлау округі;

3) Ойық  ауылдық округінің шекарасында Ойық сайлау округі;

4) Қызыләуіт ауылдық округінің шекарасында Қызыләуіт сайлау округі.

  1. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Талас аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Талас тынысы» газетінде жариялансын.

 

 

Талас аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                  С.Дадабаев

 

Талас аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                Г.Сардеков