Талас ауданының ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Талас ауданының ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

Ш Е Ш І М І

 

Қаратау қаласы                                    № 12                           25 маусым 2021 жыл

 

 

Талас ауданының ауылдық округтердің әкімдерінің

сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Талас аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

 

  1. Талас ауданында 2021 жылдың 25 шілдесіне төмендегі ауылдық округ әкімдерінің сайлауы тағайындалсын:

- Аққұм ауылдық округі;

- Бостандық ауылдық округі;

- Ойық ауылдық округі;

- Қызыләуіт ауылдық округі;

  1. 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Талас ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшсына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешім Талас аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Талас тынысы» газетінде жариялансын

 

 

Талас аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                 С.Дадабаев

 

Талас аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                Г.Сардеков